Шет мемлекеттерден жөнелтілген дәрілер гуманитарлық көмек ретінде толықтай тегін жеткізілді. Жеткізілген көмекті Шардара адалдық алаңы, арнайы құрылған мониторингтік топ мүшелері және аудандық әкімдік қызметкерлері санап, біртіндеп қабылдап алып, Шардара Аудандық Орталық Ауруханасына өткізілді. Сондай-ақ, әкелінген медициналық арнайы қолқаптар, бетперделер және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер сатылымға емес, аудандық ауруханадағы провизорлық орында емделіп жатқан науқастарға ғана қолданылады. Қазіргі таңда, аудандық орталық ауруханасында дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі